• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Еуропа Кеңесінің көршілес өңірлерге қатысты саясаты жөніндегі конференциясына қатысты 08.11.2014

Форумның жұмысына Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Э.Мамедъяров мырза, Еуропа Кеңесінің Сыртқы саяси байланыстар жөніндегі директоры З.Таубнер, Еуропа Кеңесіне мүше елдердің сыртқы саясат ведомстволары мен елшіліктерінің басшылары, бақылаушы мемлекеттердің, Оңтүстік Жерорта теңізі елдерінің, Израиль, Иордания, Қырғыз Республикасы, Палестина, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков бастаған Қазақстан делегациясы қатысуда, делінген  ҚР СІМ хабарламасында.

Аталған іс-шара барысында халықаралық саясат, демократиялық даму және құқық үстемдегі саласындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің көршілес өңірлерге қатысты саясатын іске асыру және ынтымақтастықтың перспективалары жөніндегі ағымдағы мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті.

Қазақстан делегациясының басшысы Алексей Волков Конференцияның бірінші сессиясын негізгі баяндамашы ретінде ашып, өз сөзінде Қазақстанның Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастығының серпінді дамуын қоса алғанда, Қазақстан - Еуропа диалогын дамытудың айтарлықтай әлеуетін атап өтті. «Қазақстан Еуропа Кеңесімен ынтымақтастығына өзара ұмтылысты, тұрақтылықты, қауіпсіздікті, экономикалық дамуды және өңірінің өркендеуін қамтамасыз ету мақсатында тәжірибемен және озық білімімен алмасу үшін мүмкіндік ретінде қарастыруда», - деді ол.

Министрліктен атап өткендей, сөйлеген сөзде Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті 2013 жылғы желтоқсанда «2014-2015 жылдарға арналған Қазақстан үшін тату көршілік ынтымақтастықтың басымдықтары: Еуропа Кеңесінің қылмыстық конвенциясы бойынша ынтымақтастығы» шеңберінде қабылдаған Іс-қимыл жоспарының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының басшысы аталған Іс-қимыл жоспары шеңберінде қазақстандық және еуропалық сот төрелігі жүйесін жақындастыруға бағытталған Еуропа Одағы және Еуропа Кеңесінің «Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің сапасын және тиімділігін жақсартуда қазақстандық билікті қолдау» бірлескен бағдарламасы осы жылдың шілдесінде іске қосылғанын хабардар етті.


Back to the list