08.11.2014
ҚР СІМ хабарлағандай, Х. Камптың Нидерландының жетекші 30 компаниялар өкілдерімен бірге жуырда Қазақстанға жоспарланып отырған екіжақты форматтағы сапары мен Министрдің Астанада өтетін Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші Сессиясына қатысуына орай, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық аясындағы маңызды мәселелер, екі ел бизнес құрылымдарының байланыстарын ынталандыру сұрақтары талқыланды.
«Нидерланд делегациясының Қазақстанға сапары алдында Елші М. Мырзамадиева Қазақстан мен Нидерланд арасындағы өзара тиімді ықпалдастықтың, оның ішінде Индуструалды инновациялық даму бағдарламасы мен «ЭКСПО-2017» жобасын жүзеге асыру аясындағы мүмкіндіктерді нидерланд тарапына кеңінен таныстырып өтті. Сонымен қатар, Елші Қазақстан Үкіметінің шетелдік инвесторларға арналған жаңа жеңілдіктер топтамасы бойынша қабылдаған бастамаларына ерекше тоқталып өтіп, нидерландтық бизнес өкілдерін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырды», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде нидерландтық министр Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық сахнадағы зор беделін айрықша атап өтіп, Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасымен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Министр Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін, саяси тұрақтылығы мен мемлекеттің әлеуеті өсуін жоғары бағалады.
Айта кетерлік жайт, кездесу нәтижесінде экономикалық диалогты белсендіру мен нидерландтық делегацияның Қазақстанға сапарын біріге дайындау бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді.