• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы-Бішкек экономикалық дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 06.11.2014

Ұлттық экономика министрлігінен хабарлағандай, Меморандумға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Құдышев пен Бішкек қаласының бірінші вице-мэры Замирбек  Малабеков қол қойды.

««Алматы-Бішкек дәлізі» бастамасы бойынша өзара түсіністікті жүзеге асыру аясында екі қала материалдық инфрақұрылымдар нысандары және экономикалық дәлізді дамытудың нарықтық мүмкіндіктер бойынша бірлесіп жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, бұл жұмысқа ұзақмерзімді дамудың стратегиялық анализі және екі қаланың бір-бірін толықтыру мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлауы кіреді.

Айта кетерлік жайт, ОААЭЫ бағдарламасы Орталық Азия аймағындағы елдердің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға септігін тигізеді. Оның құрамына Ауғаныстан, Әзірбайжан, ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Түрікместан мен Өзбекстан кіреді. ОААЭЫ бағдарламасы өз жұмысын бастаған кезден бері 2001 жылдан бастап инфрақұрылымдық жобаларға 24 млрд доллардан астам қаржы инвестициялады.


Back to the list