• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Қытай текстиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты талқылады 06.11.2014

«ҚазАгроӨнім» АҚ хабарлауынша, қытай делегаттары арасында ҚХР Даму реформасы комиссиясы, Қытай киім және текстиль қауымдастығы конфедерациясы, Қытай трикотаж өнеркәсібі қауымдастығы, Қытай киім қауымдастығы, Қытай Хэнтянь корпорациялар тобы (China Hi-Tech Group Corporation), Қытай халықаралық инженерлік-консультативтік корпорациясы, Хуафан компаниялар тобы (Huafang Group), Цзянсу провинциясы текстиль өнеркәсібі қауымдастығының өкілдері бар.

«Олардың келу мақсаты Қазақстан Республикасына шетелдік инвестиция тарта отырып мақта және текстиль саудасын жүргізу мен транзитті сауда саясатымен танысу. Сонымен қатар, қытай тарабы текстиль саласына инвестиция салу мен мақта және текстиль өнімдерін алу мүмкіндіктерін бағалауды көздеп отыр», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасына текстиль өнімдерін экспорттау мен текстиль өнеркәсібінің елдегі ахуалына, экспорт тасымалдарын ұйымдастыру кезіндегі кедендік-тарифтік реттеу, сонымен қатар шетелдік инвестиция тартудағы мемлекеттік саясатқа қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар шарада «ҚазАгроӨнім» АҚ өкілдері Қауымдастық қызметінің негізгі түрлері мен мақсатын таныстырды. Екіжақты іскерлік қатынасты орнату мақсатында қытай тарабына қой жүні экспортын тасымалдау туралы ұсыныс тасталды. Тараптар алдағы уақытта осы салада терең  ынтымақтастық құруға сенім білдірді.


Back to the list