• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодарлық және  удмурттық кәсіпкерлер бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті - ҰКП 06.11.2014

Ресейлік тарапты машинақұрылысы және ауылшаруашылығы техникасы саласындағы 7 кәсіпорын таныстырды. Нәтижесінде экономиканың түрлі саласында кәсіпорын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

Хабарланғандай, Павлодар облысына бизнес-миссиямен удмурт кәсіпкерлері келді және бұл өңір ресейлік делегацияның ҚР-дағы іскерлік сапарының кестесіндегі бірінші облыс болды.

Қонақтардың айтуынша, Қазақстан нарығы «игерілмеген» және ол үлкен қызығушылық тудырады.

«Қазақстанға келуіміздің мақсаты - нарықты зерттеу және серіктестік кеңістігін кеңейту. Бұл екі ел үшінде тиімді. Біз сіздердің елдеріңіздегі шағын және орта бизнеске деген үлкен қолдауды байқап отырмыз», - деп атап өтті делегация жетекшісі және Удмурт Республикасы Экспортты қолдау орталығының басшысы Валерия Антоненко.    

Сонымен, сауда-экономикалық миссия аясында павлодарлық және удмурттық кәсіпкерлер «B2B» форматында кездесті және олар аймақтағы бірқатар кәсіпорындарды аралады. Атап айтар болсақ, «Көмір богатырь»ЖШС, «Майқұбен Вест»АҚ, «Павлодар машинақұрылысы зауыты»АҚ,  «Галицкое»ЖШС.

Нәтижесінде екі елдің кәсіпкерлері арасында бірлескен өндірісті ашу,  тауар жеткізу туралы және диллерлік келісімдерге қол жеткізілді.


Back to the list