• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алғашқы жарты жылдықта ҚР-ның Ұлыбританиямен тауар айналымы 650 млрд долларға жуық қаржыны құрады 05.11.2014

«Ұлыбританияның инвестициясы 10 млрд доллардан, ал, Ұлыбританияға деген қазақстандық инвестиция 3,5 млрд доллардан асты. Қазақстанда 500-ден аса британиялық компаниялар табысты жұмыс істеп келеді», - деді Ә. Исекешев.

Министрдің мәліметі бойынша, бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 650 млн долларды құрады. Дағдарысқа қарамастан тауар  айналымы  өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға өсті.

Бұдан басқа, Ә. Исекешев британдық серіктестерді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қорытындысынан құлағдар етті. «2013 жылы ЖІӨ жан басына шаққанда 14 мың долларды құрады, жұмыссыздық деңгейі 5%-дан сәл көбірек болса, негізгі капиталға инвестициялау көлемі 9%-ға артты», - дейді ведомство басшысы.

«Келер жылы біз ҮИИД МБ екінші басжылдығын бастаймыз.  6 салалық өндірістің 14 секторы анықталды: машинақұрылысы, металлургия, мұнайды өңдеу, мұнайхимиясы,  химия, құрылыс материалдары мен азық түлік өнімдері», - деп толықтырды ол.

Өз кезегінде, британдық тарап екінші бесжылдыққа қатысуға қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, тараптар KAZNEX INVEST пен британдық UKTI арасындағы ынтымақтастыққа қол жеткізді. KAZNEX INVEST британдық UKTI Қазақстанда жүзеге асырылатын әлеуеті жоғары  40 инвестициялық жобаның тізімін берді. Бұдан басқа, геология және жерқойнауын пайдалану саласында да бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Камила Амирова


Back to the list