• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Кореяда ғылыми-технологиялық парк стратегиясының қалыптасуы мен бизнес-жоспар құру мәселелері талқыланады 05.11.2014

«Екі апта ішінде қатысушылар Кореяның ғылыми-зерттеу орталықтары профессорларының 80 сағаттық дәрісін тыңдады. Оның ішіне телекоммуникация  және электроника институты, биоғылым және биотехнология институты, Корей ғылым институты, Чаннам университеті. Дәріс курстары Кореяның  инновациялық жүйесін зерттеуге бағытталған, оның соңғы 50 жылда дамыған бағыттары талқыланды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, семинардың бағдарламасы Кореяның инновациялық кластері – Даедок Иннополис қызметімен танысу болып есептеледі. Ғылыми-технологиялық парктің менеджмент саласында тәжірибе алмасу, Инчон халықаралық арнайы экономикалық аймағына бару, «Самсунг» компаниясының инновациялық музейі мен жеке меншік компаниялар жұмысымен танысу жүзеге асады.

Бағдарлама аясында тәжірибелік қабілеттерді игеруге қатысты тренингтер мен воркшоптар  ұйымдастырылып,  ғылыми-технологиялық парк стратегиясының қалыптасуы мен бизнес-жоспар құру мәселелері талқыланады.

Айта кетерлігі, «Ғылыми-технологиялық паркті басқару» халықаралық оқыту бағдарламасы 2008 жылы өз жұмысын бастады. Қазақстанмен қатар бағдарламаға Литва, Словакия, румыния, Бразилия, Колумбия, Мексика,Гондурас, Эквадор, Пеу, Иран, Катар, Түркия, Моңғолия,Филиппин және Бангладеш қатысады.


Back to the list