04.11.2014
«Мемлекеттер қажетті өзгерістерден қорықпауы керек екенін түсінді. Құқықтық мемлекет заманауи мемлекет үшін жақсы негіз бола алады. Алайда мұны түсініп қана қою аз, саяси жігер керек және оны реформа түрінде жүзеге асырған жөн. Өзгеріске деген саяси жігер мына Астанада жақсы сезіледі», - деп сендірді ол.
Сонымен қатар, Елші, Қазақстан Президенті одан ары даму үшін заманауи басқару органдары мен соттық өндірісті дамыту керек екенін бірнеше рет айтқанын тілге тиек етті.
«Қазақстан Президент Н. Назарбаев ұдайы айтып жүргендей, басты міндет - заманауи басқару оргнадары мен соттық өндірісті құру, осылайша халықтың сеніміне кіру. Бұл сенім мемлекет мен оның халқының теңесуін күшейтеді», - деп түсіндірді Г. Херц.
Бұдан басқа, оның айтуынша, мемлекеттің тиімді басқарудан алатын пайдасы нақты құрылымдардың жауапкершілігін реттеу шегінен шығып кетеді.
«Шаралар жеңіл әрі ашық болады, алдағы уақытта өзгеде салада пайдалануға болатындай ресурстар үнемделеді дұрыс инвестициялық климат пен экономикалық прогреске керек сапалы басқару органдары мен қажетті әкімшілік соттық өндіріс қосылады», - деп түйді Г. Херц.
Индира Кауметова