• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада Корей даму институтының сарапшылары  семинар өткізеді 03.11.2014

«Семинарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, электроэнергетика, құрылыс және сәулет, мемлекеттік-жекеменшік және басқа да салалармен айналысатын орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов алғы сөзінде МЖӘ халықаралық тәжірибесін зерделеу мүмкіндіктері, мемлекет бизнеспен бірлесе жүзеге асыратын жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері туралы айтты.

Сабақты Корей даму институтының Мемлекеттік-жекеменшік инфрақұрылым инвестицияларын басқару жөніндегі орталықтың сарапшылары Ли Ква Соп, Ли Вон Сок и Ю Чин Сок жүргізеді.

Семинар барысында Оңтүстік Кореяның жоғары білікті сарапшылары Корей даму институтының Мемлекеттік-жекеменшік инфрақұрылым инвестицияларын басқару жөніндегі орталықтың жұмысы туралы және Кореядағы МЖӘ ұйымдастыру құрылымы жайлы баяндайды. Сонымен қатар МЖӘ-нің құқықтық жүйесі, жобалық қаржыландыруы және нақты жобаларын іске асыру процесі туралы толық мәлімет береді.

Семинар шеңберінде ағымдағы жылдың 5 қарашасында ҚР Ұлттық экономика министрі Е.А. Досаевтың, «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасы

Қ. У. Бишімбаевтың, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С. Абдрасиловтың, Еуропа және Орталық Азиядағы  IFC директоры Томаш Тельманың және ұлттық компания басшыларының, сондай-ақ Үндістан, Венгрия, Түркия, Иордания, АҚШ пен Ресейдің шетелдік сарапшыларының қатысуымен «Жеке сектордың инвестицияларын МЖӘ жобалары арқылы инфрақұрылымға тарту» тақырыбында форум өтеді.

 

 


Back to the list