• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстандық 36 инженер-техникалық маман Германияда оқып қайтады 01.11.2014

Мамандарды даярлау Қазақстанның кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру деңгейін арттыру жөніндегі озық тәжірибені игеруге бағытталған. Стажировкадан өтушілер жетекші оқыту орталықтарында практикалық жаттығуларға қатысады, Германияның озық кәсіпорындадарында оқытылады, немістік өндірісте ең жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін зерттеп, үйренеді, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігі. 

Оқытудың мазмұны қазақстандық кәсіпорындардың қажеті мен мұқтаждығын ескере отырып жасалады.  Бүгінгі таңға оған SAP автоматтық басқару, энергия үнемдеу, сапаны басқару, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, экологиялық менеджмент, өндірістік логистика және басқа  бағыттар енгізілген.

Инженер-иехник кадрларының стажировкадан өткізу бағдарламасын жалпы іске асыруды ҚР инвестиция және даму министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы (ХБО) және Германияның Халықаралық Ынтымақтастық жөніндегі Қоғаммен бірлесіп  (GIZ) 2013 жылдан бастап атқарып келеді.

Бұл бағдарлама жоғары инженер-техник білімі бар, жалпы өтілі 3 жылдан кем емес және мамандығы бойынша өтілі 12 айдан кем емес басқарудың орта буынғы инженер-техниктеріне арналған.
2013 жылы инженер-техник қызметкерлеріне арналған стажировкадан машина жасау кәсіпорындарының 19 қызметкер сәтімен өтіп шықты. Ол кәсіпорындардың ішінде  «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Азия Авто» АҚ,  «Семипалатинский машиностроительный завод» АҚ, ТОО ИП «Борусан Макина Казахстан» ЖК ЖШС, «Карагандалифт» ЖШС, «Жигермунайсервис» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «Кентауский Трансформаторный завод» АҚ және басқалары бар.

Сонымен қатар, «құрылыс материалдарын шығару» бағыты бойынша топқа қабылдау жалғастырылуда. Оған қатысушылар стажировкадан 2015 жылғы наурыз айында өтетін болады.


Back to the list