• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан адам құқықтары бойынша Ұлттық баяндаманы табысты қорғады -СІМ 31.10.2014

Қазақстан делегациясының басшысы өз сөз сөйлеуінде Қазақстан Республикасының соңғы жылдарғы негізгі әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен және мемлекеттің басты даму басымдықтарымен таныстырды. Аталған үдерісте тұрақты дамуға негізгі рөл бөлінгені айрықша баса айтылды. Болашаққа арналған анық мақсаттар, мемлекеттік саясаттың барлық бағыттар бойынша негізгі басымдықтары «Қазақстан – 2050» бағдарламасында баяндалған.  

«Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі бірінші баяндаманы 2010 жылғы ақпан айында ұсынудан бері Қазақстан осы салада елеулі табыстарға жетті: ұлттық алдын алу тетігінің құрылуы, гендерлік теңдік, білім беру бойынша жоғары көрсеткіш қамтамасыз етілді, сот және пенитенциарлық жүйелерде реформалар өткізілуде, балалардың және мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар қолдануда, мемлекеттік басқару жүйесі реформаланды, қылмыстық және әкімшілік зағнама жітілдіруде. Стратегиялық құжаттары көпшілігінің адам құқықтары институтының дамуын қамтамасыз етуіне бағытталуы да болашаққа арналған нақты мақсаттар туралы айтай алады. Қазақстан делегациясы басшысының баяндамасында жоғарыда көрсетілген бағыттардың әр біреуіне бөлек көңіл аударылды», - делінген хабарламада.

ҚР делегациясы басшысының сөз сөйлеуінен кейін болған интерактивті диалог барысында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше және байқаушы мемлекеттер еліміздегі адам құқықтары жөніндегі ахуалға қатысты мәлімдемелер жасады. Әр мәлімдеменің соңында адам құқықтарын қорғауының заңнамалық тетігін және тәжірибесін жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар айтылды.

 


Back to the list