• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Бас Прокуратурасы Малайзияның діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес бойынша тәжірибесін зерттеуде -СІМ 31.10.2014

«Аталған сапар Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разактың Қазақстан Республикасына сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

ҚР Бас Прокуратурасы делегациясы сапарының басты мақсаты Малайзияның діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибесін үйрену болды.

Келіссөздер барысында қазақстандық меймандар Малайзияның діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес саласындағы тәсілдемелері туралы, соның ішінде елдің құқық қорғау органдарының осы саладағы қызметтерінің заңнамалық қырлары туралы мәлімет алды.

Консультациялар соңында қазақстандық тарап Малайзияның Бас Прокурорына екі тарапқа ыңғайлы уақытта Қазақстанға жұмыс сапармен келіп қайту туралы ҚР Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың шақыру хатын табыстады.

Куала-Лумпур қаласында ҚР Бас Прокуратурасы делегациясы Малайзияның Корольдік Полициясының бір топ жоғары лауазымды өкілдерімен кездесті. Брифинг барысында малайзия тарапы діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес саласында жинаған практикалық тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, діни экстремизм мен лаңкестік бойынша сотталған Малайзия азаматтарын оңалту бағдарламасы қазақстан өкілдерінің қызығушылығын тудырды.

Жалпы ҚР Бас Прокуратурасы делегациясының Малайзияға сапары Астана мен Куала-Лумпур арасындағы құқық қорғау саласында ынтымақтастықты кеңейту бағытында айтулы шаралардың бірі болды.


Back to the list