31.10.2014
«Кесдесуге Қорған, Тюмень, Омбы, РФ Таулы Алтай облыстарының және еліміздің 6 аймағының өкілдері қатысты. Екі ел басшыларының Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы тарихи құжатқа қол қойғалы шекара маңындағы облыстардың ынтымақтастығы нығая түсті», - делінген хабарламада.
Әкімнің айтуынша, Солтүстік Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекара аймақтарын мемлекеттік шекара ғана емес, берік іскерлік және достық қарым-қатынас байланыстырады.
«Біздің тауар-айналымымыздың 63%-дай жоғары бөлігі Кедендік одақ мүше елдерімен байланысты. Ресейлік әріптестермен аймақаралық ынтымақтастықтың басты бағыттары тек сауда-экономиалық емес, сонымен қатар, білім, денсаулық сақтау, көлік және мәдениет сынды т.б салаларға да ден қойылуда», - деп атап өтті облыс әкімі.
Ерік Сұлтанов атап өткендей, жас депутаттардың тәжірибе алмасуы және ынтымақтастығы маңызды.
«Әлеуметтік мәдени деңгейде ғана емес, сонымен қатар, заңнамалық тұрғыда да нығая түссе деп едік. Мұның барлығы халықтың мүддесін қорғауға, олардың жағдайын жасауға септігін тигізетін болады», - деді Қорған қаласының әкімі Сергей Руденко.