• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев пен Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы халықаралық күн тәртібінің өзекті тұстарын талқылады 30.10.2014

«Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар мәселелері қарастырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид әл-Нахайян өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті тұстарын талқылады.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің даму қарқыны жоғары екеніне назар аудара отырып, елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық негізгі бағыттар бойынша нығайғанын атап өтті.

Әңгіме барысында Таяу Шығыс елдерінің ішінде БАӘ-нің Қазақстандағы негізгі инвесторлардың бірі болып отырғаны да айтылды. Тығыз ынтымақтастықтың мысалдары ретінде Астанадағы көпфункционалды «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысын, «Al Hilal Bank» ислам банкі мен Қазақстандағы «Фалах» бірлескен инвестициялық қордың қызметін айтуға болады. 

 

 


Back to the list