• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Бейжіңде ҚР мен ҚХР  үкімет басшыларының екінші кездесуін өткізу жайы талқыланды – СІМ 30.10.2014

«Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, қытайлық делегацияны ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин басқарды.Консультациялар барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестік бойынша пікір алмасты», - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың нәтижелі дамуына қанағат білдіріп, үнемі өткізілетін сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге мүмкіндік беретін маңызды тетік болатынын айқындады.

«ҚХР СІМ жоғары өкілі Қытайдың трансшекаралық су ресурстарын бөлу туралы қазақстан-қытай үкіметтері арасындағы келісімді әзірлеу бойынша келіссөздерді 2015 жылдың басында бастауға әзірлігін растады.Сонымен қатар консулдық-визалық мәселелері көтерілді», - делінген хабарламада.

 


Back to the list