• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Лондонда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери саланың ынтымақтастығы талқыланды 24.10.2014

«Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастық жоспары шеңберінде өткен кездесу барысында әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Бітімгерлік даярлық саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты генерал-полковник С. Жасұзақов британия тарапына «Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығуын өткізуге жәрдемдескені және оған тұрақты түрде қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді. Биыл аталған далалық оқу-жаттығу Қазақстаннан тыс жерде, Германияның «Хоэнфелс» оқу орталығында өткізілді.

С. Жасұзақов сапар шеңберінде арнайы мақсаттағы күштердің «Кембрий патрулі» халықаралық оқу-жаттығуына барды.

160-шы Уэль бригадасының базасында өтіп жатқан жаттығуға қазақстандық әскери қызметшілер де қатысуда.  


Back to the list