23.10.2014
«Біз үшін Қазақстан Премьер-Министрінің отырысымызға қатысуы үлкен мәрбете. Біздің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастығымыз табысты дамып келеді. Ал, бүгінгі шара ынтымақтастығымыздаң одан ары нығая түскенін дәлелдей түседі», - деді Н. Исигуро.
Сонымен қатар, Н.Исигуро мырза атап өткендей, екі елдің арасындағы маңызды мәселе қол қойылған конвенция мен келісім болып табылады.
«Салықтық конвенция 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап күшіне енсе, атомдық энергияны пайдалану бойынша келісім 2010 жылдың мамыр айында күшіне енді. Бүгінде К.Мәсімов мырза атап өткендей, инвестиция туралы келіссөздер басталды және ол бойынша құжатқа қол қою рәсімі өтеді. Жалпы, ҚР мен Жапонияның арасында инвестициялық келісім - екі елдің нәтижелі ынтымақтастығының жемісі», - деп түйді Н. Исигуро.
Индира Кауметова