23.10.2014
«Меніңше, біздің елдеріміздің өзара қарым-қатынасы өте жоғары, біздің экономикалар бір-бірін толықтыруда. Жапонияның басымдылығы жоғары технологиялары, ал Қазақстанда табиғи ресурстар мен еңбексүйгіш халқы бар», - деді К.Мәсімов.
Премьер-Министр Қазақстан мен Жапонияның одан әрі ынтымақтастығы жалғасатынына, оның ішінде автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, ғарыштық сала сынды маңызды салалар үндестік табатынына үміт артты.
«Бұл жүйе бойынша атом өнеркәсібі саласында ынтымақтастықты дамыту мәселесі көтерілді. Автомобиль өндіру ынтымақтастығын дамыту қаралмақ. Бүгін нақты мысалдар келтірілуде, гибридті автокөліктерді дамыту туралы ұсыныс болды. Ол үшін үкімет тарапынан қолдау қажет болады», - деді ол.
Айта кетерлігі, Астанада қазақстандық-жапондық үкіметаралық комиссияның экономикалық ынтымақтастық бойынша V отырысы өтті. Шараға 200 делегат қатысуда, оның ішінде 40 жапондық компания бар, атап өтер болсақ, JTI, Mitsubishi, Toshiba и Toyota. Олар инвестиция тарту, инновациялық технологиялар, туризмді дамыту мәселелерін талқылайды.
Индира Кауметова