23.10.2014
Сұхбаттастар Қазақстан және Мысыр арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ құрылу аясындағы кең ауқымды мәселелерді талқылады. Екі ел арасында қалыптасқан сенімді әрі сындарлы серіктестік атап өтілді, экономика, сауда және инвестициялар, энергетика, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларға ерекше көңіл бөлінетіндігі айтылды. Өңірлік және жаһандық мәселелерде Астана мен Кипр ұстанымдары көп жағдайда ұқсас болып келетіндігі де айтылды.
Мысырдың ЕАЭО-мен ынтымақтасу жоспарын талқылай келе қазақстандық министр Мысыр тарапының жаңа құрылыммен еркін сауда жөнінде Келісімге қол қою ниетін қолдады. «Ынтымақтастықтың жаңа түрі біздің елдерімізге сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мен тауар айналымды ұлғайтуға қосымша мүмкіндіктер берері сөзсіз»,-деді министр.
Е.Ыдырысов Мысырды азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі штаб-пәтері Астанада орналасатын Ислам ұйымын құруға қатысуға шақырды. Ол атап өткендей, аталған ұйым арқылы Мысыр азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелесін шешуге ықпал жасауға, сонымен қатар тиісті мемлекеттерге түрлі көмек көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруға болар еді.
Сұхбат соңында ҚР СІМ басшысы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Астана кандидатурасын қолдаған мысырлық тарапты осы іс-шараға белсенді араласуға шақырды.
Сондай-ақ, өңірлік және жаһандық мәселелерде Астана мен Кипр ұстанымдары көп жағдайда ұқсас болып келетіндігі де айтылды.