22.10.2014
Ұлттық компанияда хабарлағандай, кеңес отырысына қатысушылар екі күнде 2014 жылдың тоғыз айындағы темір жол желілерін пайдаланудың қорытындысын талқылайды.
Сонымен қатар, жүк вагондары мен контейнерлердің есебін жүргізу, жүк вагондары паркін басқарудың Бірыңғай жүйесі, темір жол әкімшіліктерінің өзара есеп алмасуы, 2015 жылға арналған халықаралық бағдардағы жүк тасымалдаудың Тарифтік саясаты, ТМД елдері,Балтық жағалауы мен Грузияның темір жол әкімшіліктері арасындағы халықаралық жолаушылар тасымалдаудың нормаларын қолдану барысы талданады.