• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Лондонда Британ-Қазақ қоғамының екінші қайырымдылық марафоны өтті 22.10.2014

ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, ұзындығы 10 км құраған жарыс көшбасшысы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев болса, марафонға қатысушылар қатарында Британ-Қазақ Қоғамының мүшелері саналатын қазақстандық компаниялар Air Astana, A-Global Resources, Grata, Equus Petroleum, Bolashak Group өкілдері, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы шеңберінде британдық жоғары оқу орындарында дәріс алып жатқан қазақстандық студенттер болды.

Марафоннан жиналған қаржы «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Дәрігер – Бөлме» жобасына жолданатын болады. Аталмыш жоба шеңберінде Алматы және Ақмола облыстарының балалар үйлерінде (Тылдықорған, Щучинск қалалары) сенсорлық бөлмелер ашу жоспарланған.  


Back to the list