• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Бірлескен жаттығу  ТМД елдерінің өзара іс-қимыл мен үйлесімділік мәселелеріндегі тиімділігін көрсетті 22.10.2014

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесінің бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде өтіп жатқан жаттығуға түрлі деңгейдегі командалық пункттер, радиотехникалық әскерлердің бөлімшелері, зениттік ракеталық дивизиондар, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік әскери-әуе күштердің 10-нан астам ұшақтары қатысуда.

«Бірлескен жаттығуға РФ Әскери-ғарыштық қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Александр Головко басшылық жасаса, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов оның орынбасары болып табылады», - делінген хабарламада.

Бірлескен жаттығуды өткізу ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесінің өзара іс-қимыл мен үйлесімділік мәселелеріндегі тиімділігін көрсетеді. Бұл Достастық елдерінің әуе кеңістігін сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

 

 


Back to the list