22.10.2014
Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, «Scatec AS» және «Elkem AS» норвегиялық трансұлттық корпорациялар басшыларымен кездесулер өтіп, Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларды дайындау және орындау мәселелері талқыланды.
Норвегия іскерлері «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның «Elkem AS» және «Scatec Solar» компаниялармен ынтымақтастық орнату ұсынысына қызығушылығын білдірді.
«Elkem Sola» директоры Рагнар Тронстад және ғылыми зерттеулер мен даму бойынша менеджері Гро Айде «Elkem AS» корпорациясының ферросилицийдің және оның негізіндегі арнайы материалдардың бірегей өндірісімен таныстырды. Зауыт өндірген және дамытқан ноу-хау технологиялары және энергиятұтынуының өте төмен көрсеткіштері оның сапасы, сатылым көлемі және басқа да көрсеткіштері жағынан бәсекелестерінен зор асып кетуіне мүмкіндік береді.
Қалпына келетін энергия көздері саласындағы «Scatec AS» компаниясының дүние жүзіндегі жетекшілігін ескере отырып, Басқарма төрағасы А. Бьорсетпен Қазақстанда күш-қуаты мол күн энергоқондырғысының құрылысы бойынша және күн торларын өндіру саласында инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.