21.10.2014
«Жасыл» технологияны енгізуге және медицина, ауыз су саласында, инновациялық инженерлік технология мәселелерінде заманауи қадамдар жасауға бағытталған компания өкілдері қазақстандық мәжілісмендер алдында өздерінің экономикалық және инновациялық жобаларын таныстырды.
«Қ. Жақыпов стратегиялық әріптестіктің сауда-экономикалық байланысына айрықша маңыз бере отырып, венгерлік кәсіпкерлерді қазақстандық әріптестерімен белсенді қарым-қатынас жасауға шақырды. Өйткені осы жолда біздің еліміздегі қолайлы инвестициялық және іскерлік климаттың, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының әлеуеті зор. Сондай-ақ, Кедендік Одақ, Еуразиялық экономикалық одақ және «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға болады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі былтырғы жылы 200 млн.доллардан, ал қазақстандық экономикаға венгерлік тікелей инвестиция көлемі 85 млн. доллардан асқандығы айтылды.
Бүгінгі күні елімізде 50-ден астам қазақстандық-венгерлік бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.
Бүгінгі күні екіжақы ынтымақтастықты нығайту мақсатында қазақстандық-венгерлік Іскерлік кеңес жұмыс істейді, Астанада «Венгерлік сауда үйі» ашылған, екіжақты қарым-қатынас тарихында алғаш рет индустрия және инновация жөніндегі жұмыс тобы қызмет ете бастады.