21.10.2014
«Қол қою рәсімі барысында екіжақты қатынастар және кіретін БҰҰ күн тәртібінің Қазақстан мен Маврикий мүддесіне маңызды мәселелері бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы пікір алмастырылды. Тараптар экономикалық даму тәжерибесімен алмасудың, екі мемлекет арасында туризм, қаржы, сауда, кең алу өндірісі, энергетика секілді салаларда өзара тиімді байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын мойындады», - делінген хабарламда.
Өзара ықпалдастықты нығайтудың алғаш қадамы ретінде ҚР мен Маврикий арасында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау және Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдерге қол қою мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.
Африка елдерімен саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың, бұл континентке өз тауарлар мен қызметтерін шығаруының Қазақстан үшін маңыздылығы атап өтілді.
Маврикий Үкіметіне ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге қатысуға Қазақстан Республикасы атынан шақыру хат ұсынылды.
Маврикий Республикасы – Үнді мұхитының оңтүстік-батыс жағында орналасқан аралдық мемлекет. Халқының саны – 1 миллионнан асады, басқару формасы – парламенттік республика.
Экономиканың басты секторлары – туризм, агроөнеркәсіп және балық өнеркәсібі. Маврикий Мальдива және Сейшель аралдарымен қатар туристердің жиі баратын орны болып табылады.