• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Нью-Йоркте Семей шартына қатысты брифинг өтті – СІМ 20.10.2014

«Брифингті Семей шартына қатысушы-мемлекеттер – Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстан мен Өзбекстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктері шақырды. Қазақстан Республикасы Шарттың төрағасы ретінде БҰҰ мүше-мемлекеттерін, халықаралық ұйымдардың, азаматтық институттар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шарттың мақсаттары және өңірде бұндай зонаны құрушы мемлекеттер алдында қойылған міндеттер туралы хабардар етті», - делінген хабарламада.

Зонаның құрылуы өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз ету ниетімен Орта Азияның барлық бес елдерінің бірлескен күш-әрекеттерінің жемісі болып табылады. Орта Азиядағы ядролық қарудан азат зона Ядролық қаруды таратпау шартын іске асыруға, сондай-ақ өңірлік және әлемдік қауіпсіздікті күшейтуге қосатын нақты үлес болып келеді.

Семей шартына қатысушы-мемлекеттерге негативтік қауіпсіздік кепілдіктерін беру мәселесі бойынша ұзақ консультациялар үрдісі 2014 жылғы 6 мамырда табысты мәресіне жетті. Бұл күні ядролық мемлекеттер – Ұлыбританияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ пен Францияның жоғары өкілдері Шартқа қатысушылардың көзінше Орта Азия мемлекеттеріне қарсы ядролық қаруды қолданбау немесе қолдану қатерінен қауіпсіздік кепілдіктерін беру туралы шарттың ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын Хаттамаға қол қойды.


Back to the list