• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Бразилияның «TV Globo» арнасы Қазақстан туралы репортаж жасады 20.10.2014

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, бұл жобаның басты мақсаты - бразилиялық телекөрермендерді Қазақстанмен, оның халқы, мәдениеті және салт-дәстүрімен, сондай-ақ Қазақстанның аймақтары және табиғатымен таныстыру болып табылады.

Атап айтқанда, репортерлар телекөрермендерді Қазақстанның Астана, Алматы сияқты ірі қалаларының архитектураларымен, еліміздің кең-байтақ көрінісімен, «Байқоңыр» космодромымен, Арал теңізінің мәселелерімен, спортымен және т.б. таныстырды.

«Қазақстанда қазіргі заманғы тұрмыс пен көне шығыстық әдеп-ғұрпылардың үйлесуі қызығушылық танытады. Қазақстанның бай табиғаты кең көлемді, соның арқасында, осы елдің экотуризм, тау шаңғы спорты, белсенді және жағажайлық демалыс, сондай-ақ шипа алу сияқты салаларды одан әрі дамытуына үлкен мүмкіншілігі бар», -деп «TV Globo» телеарнасының тілшісі атап өтті.

«Табиғаттың ескерткіші, шөкпе қабаттан құралған, жас шамасы 12 миллион жылды құрайтын, Дүние жүзіндегі көлемі жағынан екінші орындағы әйгілі Шарын шатқалы өзінің әдемілігімен сиқырлайды», -деп журналист айтып жеткізді.


Back to the list