• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алтайдағы туризмнің дамуына 4 ел үлес қосады 20.10.2014

«Туризм саласында өзара ықпалдастықты талқылау барысында отырысқа қатысушылар «Алтай – алтын таулар» трансшекаралық туристік бағыт бөліктерінде жүйелі бағытты дамыту жұмыстарын жалғастыру бойынша ынтымақтастықтың басым бағыттарын қарастырды. Бағытты дамыту мақсатында осы бағытқа туристік операторлар мен халықтың назарын аудару жұмыстары қолға алынады», - деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Сонымен қатар, қатысушы өңірлерде өтіп жатқан түрлі көрме шараларында бағыт туралы жарнамалық өнім таныстырылады. Хабарламада айтылғандай, туристік бағытты ілгерілетудің маңызды шешімдерінің бірі монғол және қытай тараптары кеңесінің монғол-қытай «Даян-Хуньцаньщуй» екіжақты өткізу пунктіне халықаралық мәртебе беру туралы мәселесі болды.

Отырыс барысында «Үлкен Алтай» халықаралық туристік фестивалін өткізу бастамасын қолдау мақсатында халықаралық үйлестіру кеңесі субъектілерінің өкілдерінен тұратын Халықаралық Алтай спорт комитетін құру жоспарлануда.

 


Back to the list