20.10.2014
Аталып өткендей, жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақстан, Қытай, Моңғолия мен Ресейдің ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастығы бойынша өтететін конференцияның үздік жобасы - «Алтай-біздің ортақ үйіміз» ХҮК.
«Бүгін біз еркін пікір алмасу аясында Алтай аумағындағы атқарушы биліктің, қоғам мен бизнестің ынтымақтастығын одан ары дамыту бойынша нақты пікірлер айтылады деп ойлаймыз. Өскеменде өтіп жатқан шаралар біздің аймағымыз үшін өте маңызды. Біз Халықаралық үйлестіру кеңесінің төрағалығы эстафетасын қабылдадық, ал, біздің оқу орнымыздың ректоры атылмыш келелі кеңеске төрағалық етеді», - деді ШҚО әкімінің орынбасары Жаксылық Омар.
Қатысушылардың пайымынша, Шығыс Қазақстанның әлеуеті мен іскерлік байланысы үлкен Алтайдағы аймақаралық байланысты нығайтуға және одан ары дамытуға мүмкіндік береді.
Жалпы, алқа мәжілісінде мемлекеттк органдардың өкілдері мен ғалымдар аймақтардың ғылым, сауда, инфрақұрылымдарды дамыту және жастар бастамасына қолдау көрсету саласындағы өзара маңызды мәселелерді талқылады.