18.10.2014
ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, конференция барысында таяуда ғана Германияда аяқталған «Дала қыраны-2014» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылып, аталған жаттығуды 2015 жылы Қазақстанда өткізудің тұжырымдамалық негіздері талқыланды.
«Шетелдік сарапшылар «Қазбат» бітімгерлік батальонының жоғары даярлық деңгейі мен олардың БҰҰ-ның бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі көпұлтты операциялардағы табыстарын ерекше атап өтті», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы «Дала қыраны-2014» бітімгерлік оқу-жаттығуы тұңғыш рет Қазақстаннан тысқары жерде өтті.