17.10.2014
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Азия-Еуропа» форумының 10-саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
«Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен әңгіме барысында инвестиция, технология және сауда-экономика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қозғалды, сондай-ақ Пак Кын Хенің Қазақстанға сапары кезінде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы талқыланды», - делінген хабарламада.
Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесуде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды. Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға да тоқталды.
Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңес Премьері Ли Кэцянмен әңгімеге екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары кезінде жасалған уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері арқау болды.