17.10.2014
Тараптар Қазақстан мен Венгрияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы, сонымен қатар бірлескен жұмыстар перспективаларын және ауыл шаруашылығы, көлік, әуеқатынасы, Астана-Экспо-2017 көрмесі нысандарының құрылысы салаларына венгерлік компаниялардың қатысу мәселелерін талқылады.
«Венгрия Қазақстанның сыртқы саясатының шығыс - еуропалық бағытында маңызды орынға ие. Екі елдің ынтымақтастығы әріптестік және ұзақ мерзімді сипатқа ие», - деп хабарлады кездесу барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.
8 айдың қортындысы бойынша Қазақстан мен Венгрияның тауар айналымы 131,4 млн. долларды құрады (өсім 2,5%). Өткен кезеңде - 128,2 млн. доллар.2005 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезең аралығында Қазақстан экономикасына Венгриядан тікелей инвестициялар ағыны 60 млн. долларды құрады.