17.10.2014
«Аталған атақты спутниктік арна Қазақстанның тарихы және оның қазіргі замандағы дамуы, бай мәдениеті, қазақ халқының салт-дәстүрлері, республикамызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен дамуы туралы 55 минуттік мазмұнды деректі фильмді көрермендерге ұсынды», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінде.
Ирандық көрермендер Қазақстанның жаңа елордасы – Астана және еліміздің қаржы және іскер орталығы – Алматы қалалары жайлы көркем кадрларды қызықтады. Бұл әсем фильмде Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130 ұлттың тату тәтті және бейбітшілік аясында өмір сүріп жатқаны Ұлт басшысы - Н.Ә. Назарбаевтың қарапайым жұмыскер-металлургтан Қазақстанның Бірінші Президентіне дейінгі өмір жолы толық көрсетілген.
Бағдарлама қатысушылары қазақ және иран халқының тарихи және мәдени орталықтарын назарға сала отырып, қазақстан-иран арасындағы қаржы-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың даму серпінін атап өтті. Осыған орай, мамандар Қазақстан, Түркіменстан және Иран мемлекеттерін байланыстыратын теміржолының салынуының аймақтағы сауда мен екіжақты сауда айналымын ұлғайтудағы және көптеген шектеуліктерді шешудегі маңыздылығын айтты.