17.10.2014
ШҚО-ның Ақпаратты орталығынан хабарлағандай, А. Карлин Б. Сапарбаевты тағайындалуымен құттықтап, бүгінгі кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша алқа мәжілісі шешіліп тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
«Шығыс Қазақстан – біздің көршіміз, экономика саласында ғана емес, мәдениет және рухани өмір салаларында да сенімді серіктесіміз, - деп атап өтті А. Карлин.
Айта кетерлік жайт, бұл төрағалықтың маңызы зор. Шығыс Қазақстан «Алтай - біздің ортақ үйіміз» ХҮК төрағалық етсе, сол кезде Қазақстан ЕурАзЭқ-қа төрағалық етеді.
Өз кезегінде, Бердібек Сапарбаев үйлестіру кеңесінің жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыратын боламыз деп уәде берді. Бүгінгі таңда кеңестің жұмысының жоспары түзіліп, бірқатар ірі жобаларда белгіленді, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Өскеменде «Алтай - біздің ортақ үйіміз» атты Халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Ауқымды шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ресей Федерациясы Алтай өңірінің губернаторы Александр Карлин, Баян-Өлгей аймағының губернаторы Хузкей Дармен, ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиясы ауданының ғылым және техника басқармасының бастығы Ху Кэл Инь, СУАР Алтай өңірінің губернаторы Талихади Усунь және басқалар қатысты.