• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Алтай - біздің ортақ үйіміз»  үйлестіру кеңесінің отырысында туризмді дамыту мәселелері қаралады (ФОТО) 17.10.2014

ШҚО-ның Ақпарттық орталығынан хабарлағандай, келелі кеңес отырысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ресей Федерациясы Алтай өңірінің губернаторы Александр Карлин, Баян-Өлгей аймағының  губернаторы  Хузкей Дармен, ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиясы ауданының ғылым және техника басқармасының бастығы Ху Кэл Инь, СУАР Алтай өңірінің  губернаторы  Талихади Усунь және басқалар қатысты.

«Бұл төрт мемлекет арасындағы байланысты одан ары нығайту керек, ал бүгінгі бүкіл әлемдік қаржы дағдарысына ол тіпті қажет. Бұл ынтымақтастық Алтай өңіріндегі экономиканың және өзге де салалардың дамуына тың серпін беруі мүмкін», - деді Б.Сапарбаев.

Алтай өңірінің губернаторы атап өткендей, аймақтардың экономика, білім, ғылым, мәдениет пен экология саласындағы бірлескен жұмыстары аймақаралық кеңістікті кеңейтеді және әр алтайлық аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді. Бүгінгі кездесуде төрт аймақтың басшылары бір бірі туралы толыққанды ақпарат ала алады, бір - бірлерін тыңдап, өзара мүмкіндіктерін бағалайтын болады және қандай салаларда бірлесіп жұмыс істеуге болатынын бағамдайды. Себебі кеңестің 11 жылдық тәжірибесі трансшекаралық жобаларды жүзеге асыру берік және тексеруден әбден өткен», - деп түйді А. Карлин.


Back to the list