• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Испания Қазақстанға сауда базарларын жаңғыртуда қол ұшын созуға әзір - ҰКП 17.10.2014

Ұлттық палатадан хабарлағандай, басқосуға палатаның тамақ өндірісі, агроөндіріс кешені комитеттер хатшылығының өкілдері, Сауда кәсіпорындары қауымдастығы және еліміздің ірі сауда кәсіпорындарының басшылары қатысты.

«Mercasа» компаниясының халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Andrés de Pando Asensi оның жұмыс істейтін саласы туралы кеңінен әңгімелей отыра тәжірибесімен де бөлісті. ««Mercasа» компаниясын құру мақсаты - көтерме сауда базарларын салу және жабдықтау, азық түлік өнімдерінің сауда желісін жақсарту болып табылады. Жалпы, біздің компания Испания бойынша көтерме сауда кешендерінің орналасуына жауап береді. Сондай-ақ, біз Шығыс Еуропа, Ресей, Латын Америка мен Африкадағы азық-түлік өнімдерінің сауда орталықтары мен логистикалық жүйесін ретке келтіру бойынша жобаларға қатысып келеміз. Осы ретте біз Қазақстанмен ынтымақтастық орнатамыз деген ойдамыз. Қазіргі таңда бұл елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігімен және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерімен осы тәжірибені енгізу бойынша келіссөз жүргізудеміз», - деп ағынан жарылды ол.

Оның айтуынша, күні бүгінге дейін «Mercasa» 200-дей  бөлшек сауда базарларын жаңғыртып, бірқатар азық түлік өнімдерінің бөлшек сауда орталықтары желісін құрды. Осылайша сапалы азық түлік өнімі халық үшін қолжетімді бағамен сатылуына жағдай жасалды.

Сонымен қатар, тараптар кездесуінде ҚР ҰКП Сауда комитеті хатшылығының хатшысы Жібек Әжібаева отандық кәсіпкерлерді испандық тәжірибемен кеңінен танысуға шықырды. Себебі, бұл  Елбасының 6 тамыздағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының ішіндегі маңыздыларының бірі. 


Back to the list