16.10.2014
Конгресстің ұйымдастырушысы - Ержан Сейітқұлов басшылығындағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ақпараттық қауіпсіздік және криптология институты.
ЕҰУ хабарлағандай, зерттеушілер, ғалымдар мен тәжірибешілер мен шешім ұсынушылар өздерінің ғылыми тәжірибелік жұмыстарын ұсынды. Олар техникалық проблемалар мен оның шешімдеріне арналған.
Оның үстіне, конференцияда ақпараттық қауіпсіздік мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақтың ашық кілттерінің инфрақұрылымдары қаралуда.
Атап өткендей, халықаралық конференция Австрия, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Канада, Қытай, Корея, Ресей, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаты және басқада елдердің ғалымдарын тарта білді. Бұдан басқа келелі кеңеске ЕҚЫҰ, Еуразиялық экономикалық комиссия мен өзгеде трансұлттық ұйымдардың арнайы өкілдері келді.