• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Трансформация бағдарламасы аясында  «ҚазМұнайГаз» «Статойл» компаниясымен бірқатар кездесулер өткізді 16.10.2014

Кездесу барысында қазақстандық делегация «Статойл» компаниясының ұзақ мерзімді стратегиясымен, қызметінің басымды бағытымен, бизнес трансформация бағдарламасын өткізу тәжірибесімен, корпоративтік міндетті ұйымдастыру бойынша ағымдағы тәсілдер, оның ішінде стратегиялық бағыт бойынша, нәтижелікті бағалау және қызметкерлерді уәждемелеу, инвестициялық және технологиялық барысымен танысты.

Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» делегациясы Ослодағы «Статойл» кеңсесінің геология зерттеу визуалды Орталығында болды. «Статойл» қызметкерлері аталған бизнес бағытының табыстары, геология зерттеудің соңғы жетістіктері, қолданылатын технологиялық және инновациялық шешімдер туралы айтып өтті.

Жалпы алғанда, соңғы үш жылда «Статойл» әлемде жақсы нәтижелерге жетіп және бүгінгі күні әлемдегі геология зерттеуде жетекші мұнай-газ компаниясы ретінде қарастырыла алады.

Ұлттық компанияда хабарлағандай, сапар «ҚазМұнайГаз» трансформациясы шеңберінде ұйымдастырылып, барлау және шығару, мұнайды қайта өндіру, шет елдік активтерді басқару және корпоративтік Орталықтың міндеттерінің әсерін жоғарылатуға бағытталды. Аталған міндеттер «ҚазМұнайГаз» алдында «Қазақстан-2050» Стратегиясының маңызды бағыты – Ұлттық әл-ауқат «Самұрық-Қазына» қоры  трансформациясы бағдарламасының негізгі элементтерінің біреуін орындау көзделген.


Back to the list