• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда түрік серіктестерінің қатысуымен 111 кәсіпкерлік жұмыс істеуде – әкімдік 16.10.2014

«Облыс басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткізіп отырған  реформалардың жүзеге асуы  бойынша атқарған жергілікті органдардың қызметімен таныстырды. Облыс кәсіпорындарының өнімі әлемнің 50 еліне экспортталады. Жалпы сыртқы сауда айналымы 9 айдың қорытындысы бойынша 5,5 млрд долларды құрады. Оның ішінде Түркиямен 72,4 млн доллар сауда айналымы жүзеге асты. Аймақта шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде, оның 111 әр  түрлі саладағы түрік инвесторларының қатысуымен жүзеге асуда», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қарағанды облысы мен Эскишехир түрік профинциясы арасында өзара тиімді ынтымақтастық, серіктестік мақсатында келісім орнаталды. Қазақстан мен Түркия «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымына мүше, ол әлеуметтік салада ынтымақтастық мүмкіндігін арттыра түседі. Ұйым басшылықпен келісім бойынша Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығын мерекелеу аясында Тәттімбет атындағы Қазақ ұлттық аспаптарының академиялық оркестрі Түркия қалаларына гастрольмен барады, оның ішінде Эскишехир провинциясы да бар.

«Сіздердің өнер ұжымдарыңыз ұлтық композитордың мерей тойын мерекелеуге белсене араласады деген үміттеміз», - деді облыс әкімі. 


Back to the list