• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
В.Школьник: Қазақстан мен Түрікменстан өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға ниетті 15.10.2014

Ведомствода атап өткендей, келелі кеңестің маңызы зор, себебі, ол ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Түрікменстанға ресми іс-сапары алдында өткізілуде.

«Біз Түрікменстанды бауырлас мемлекет, жақсы көрші ретінде қарастырамыз. Ресми және бейресми кездесулер барысында бірнеше рет аймақтық және халықаралық деңгейде ортақ мүддеміз бар екенін дәлелдеген болатынбыз. Сонымен қатар, Астана мен Ашхабадтың кең ауқымда және тығыз байланыс орнатуына дайын екенімізді жеткіздік»,- деп атап өтті ҚР энергетика министрі.

Мемлекетаралық қазақстандық-түрікменстандық комиссияның  күн тәртібінде сауда-экономикалық, жанармай-энергетикалық, көліктік-коммуникациялық, көліктік-гуманитарлық  және қоршаған орта салаларында екіжақты байланысты дамыту мәселелері тұр.


Back to the list