• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Корея ядролық қарусыз саясат саласында  тәжірибе  алмасты 15.10.2014

«Қазақстандық тарапқа әріптестік танытқаны үшін алғыс білдіремін. Дөңгелек үстел Корей жартыаралында бейбітшілік жолдарын іздестіру, соның ішінде Қазақстанның ядролық қарусыз саясаты саласындағы тәжірибелерін талқылауда үлкен маңызға ие болады деген сенімдемін. Ядролық қарусыз саясатты ұстану тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету мен Қазақстан мен Кореяның осы мәселедегі көзқарастырының бір жерде тоғысуына мүмкіндік береді», - дейді Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Пэк Чу-хен.

Оның айтуынша, екі елдің Мемлекет басшылары ядролық қарудан бас тартуда ынтымақатастық құрған.

«Биылғы жылдың маусым айында Корей Республикасы Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Президенттердің екіжақты кездесуінде Мемлекет олар ядролық қарудан бас тартуда ынтымақтастық құруға келісті. Сонымен қатар, энергетикалық ресурстар саласындағы үш ірі экономикалық жобаны іске асыратын болып шешті», - дейді Пэк Чу-хен.

Айта кету керек, дөңгелек үстел жұмысында ҚР мен Корей елінің сыртқы істер министрліктері өкілдері баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, Корей ұлттық дипломатиялық академия, Еуропалық одақ жобасы сарапшылары, оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен докторанттар және магистранттар да қатысты.

Шараның мақсаты Корей жартыаралына сенім ұялату процесін талқылау мен ядролық қарудан бас тартудың жаһандық қозғалысындағы Қазақстанның маңызды рөлі мен айтарлықтай тәжірибесін ескере отырып Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құру жайын талқылау.

Индира Қауметова


Back to the list