• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада АӨСШК әскери-саяси өлшемінде сенім шараларын іске асыру мәселелері талқыланды 14.10.2014

«АӨСШК-ны құру идеясын Мемлекет басшысы 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының 47-сессиясында ұсынылды», - деген Т.Мұхтаров халықаралық форумның Азиядағы қауіпсіздік жүйесін нығайтудағы ролін атап өтті.

Т.Мұхаров АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің әскери-саяси өлшемдегі өзара іс-қимылын әрі қарай дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.

Әскери-саяси саладағы шаралардың Сенім шаралары каталогында көрініс тапқанына тоқталған Т.Мұхтаров Қорғаныс министрлігінің осы бағытта өткізіп отырған іс-шараларын әңгімелеп берді. Олардың қатарында АӨІСШЖК-ге қатысушы 15 ел өкілдерінің құрамында Құрлық әскерлерінің әскери институтында болуын ұйымдастыру, бақылаушылардың ҚР ҚК әскери нысандарында болуы, келісілген сенім шаралары шеңберінде ақпарат алмасу үдерісінің басталуы бар.

Т.Мұхтаров халықаралық семинар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау әскери-саяси өлшемдегі сенім шараларын іске асыруға, біркелкілік пен еріктілік принципінің негізінде келісілген көзқарастарды қалыптастыруға жасалған тағы бір қадам болып табылады.

Семинар шеңберінде АӨІСШЖК-ның әскери-саяси саладағы қызметіне, әскери-саяси өлшемдегі сенім шаралары каталогын іске асыру практикасына, қару-жараққа бақылау жасау саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдерді іске асырудағы ҚР ҚМ тәжірибесіне қатысты тұсаукесерлер өтті.

 

 

 


Back to the list