• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Қазақстан мен Италияның  екіжақты құқықтық ынтымақтастығы талқыланды 14.10.2014

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, соның ішінде қылмыстық-құқықтық саладағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мен нығайту сұрақтары талқыланды.

А.Дауылбаев қонақты Қазақстандағы құқықтық жүйені жаңғырту, құқық қорғау қызметін жетілдіру, қылмыстық заңнаманың жаңа редакциясын әзірлеудің незігі бағыттары туралы хабардар етті.   

Тараптар қол жеткізілген өзара әрекеттесу деңгейіне қанағаттанушылық танытып, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.


Back to the list