14.10.2014
«Қазақстан құқықтық реформаларды қолға алып, осылайша құқықтық мемлекет құрылымын жақсартуда маңызды қадам жасады. Осы өзгерістердегі саяси еркіндік өз жемісін беруде. Осы процестің барлық қатысушылары өткен реформалар аясында әлі де аяқталмаған жұмыстардың бар екенін біледі. Алдағы уақытта дамып жетіле түсу керек. Президент Назарбаев та мұны көп айтады», - дейді елші.
Айта кету керек, Гидо Херцтің айтуынша, конференцияның басты мақсаты – әкімшілік келіспеушіліктер бойынша заманауи басқару органдары мен сот өндірісін құру керек. Осы арқылы азаматтардың мемлекетке деген сенімі арта түспек.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері әділет министрлерінің Төртінші конференциясы басталды. Оған ЕО пен Орталық Азия елдері әділет министрліктерінің 13 делегациясы қатысуда.
Индира Қауметова