14.10.2014
«Еуроодақ Орта Азия елдеріндегі реформаларды қолдаудың негізгі доноры, біз мұқтаж салалар бойынша қолдау көрсетеміз және тек бір әдісті пайдаланамыз. Қазақстанда біз құқықтық академия, бизнес және өзге де бағыттар бойынша бағдарламаларды қаржыландырумен айналысамыз», - деп толықтырды Жан-Луи Лаврофф.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ЕО-ның серіктес мемлекеттерге реформа жүргізу барысында қолдау көрсетуінің басты мақсаты адам құқығы мен бостандығын сақтау және құрмет көрсету.
«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Еуроодақ арасында нығайтылған және кеңейтілген серіктестік бойынша қол қойылған келісім жұмыс істейді», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, ҚР-дағы Еуроодақ өкілділігінің техникалық қолдау бөлімінің басшысы Жан-Луи Лаврофф ЕО-ның қолдау көрсетуде нақты мандат алғанын және оған шешуші роль берілгенін баса айтты.
«Құқықтық үстемдік құру және тиімді басқару бағдарламасы мемлекеттің әлеуетін технология мен білім, сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласында шектеулерді алып тастау арқылы жүзеге асырылады», - деп түйді Жан-Луи Лаврофф.
Индира Кауметова