• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Әділет министрлерінің конференциясы қатысушы мемлекеттердің құқықтық қатынас саласында тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді 14.10.2014

«Бүгін біз соттық қабілетті дамыту, тиімді де әделетті басқару, жемқорлықпен күрес және дұрыс процесспен қамтамасыз ету бойынша тәжірибемізбен бөлістік. Еуропа мен Орта Азиядағы ахуалмен танысамыз және аймақтық көпжақты деңгейдегі тенденцияны зерттейтін боламыз», - деп мәлімдеді ол.

Статс хатшысы орынбасарының айтуынша, бүгінгі шараның мақсаты барлық серіктес мемлекеттердің қажеттіліктерімен тереңінен танысу, сонымен қатар оларды оңтайлы қанағаттандырудың жолын табу.

«Құқықтық мемлекет - ол жай ғана саяси картинаның құрамдас бөлшегі ғана емес. Ол адам құқығының сақталуынан басқа, әлеуметтік даму, халықтың әл-ауқатын көтеретін негізгі шарттардың бірі және ол бір қамтамасыз ете алатын институттарды талап етеді», - деп толықтырды Козимо Маррия Ферри.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанның елордасы Астанада Орталық Азия және Еуроодақ елдері әділет министрлерінің төртінші халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Айта кетерлік жайт, келелі кеңеске ЕО пен Орта Азия елдерінен келген 13 делегация қатысуда.

Индира Қауметова


 


Back to the list