• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елбасы Миланда өтетін  «Азия-Еуропа» форумының 10-шы саммитіне қатысады 14.10.2014

«16-17 қазан күндері  Қазақстан Президенті Милан қаласына (Италия Республикасы) сапармен барады деп көзделуде, оның аясында «Азия-Еуропа» форумының 10-шы саммитіне қатысу, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Басты тақырыбы «Орнықты даму және қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты серіктестік» деп аталатын форум жұмысына 50-ге жуық елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады.

Қазақстан Орталық Азиядан осы форумның мүшесі мәртебесіне ие болған бірден-бір ел болып саналады.      


Back to the list