• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Орталық Азия мен ЕО елдері әділет министрлерінің 4-ші Конференциясы басталды 14.10.2014

«Жаһандық жаңа қатерлер туындаған қазіргі таңда әр мемлекеттің құқықтық саясатының ең басты міндеттемесі бір жағынан мемлекеттің құқықтық үстемдік қағидасын қамтамасыз ету болса, екінші жағынан климаттық апаттар, экономикалық дағдарыстар, аштық пен кедейлік, халықаралық лаңкестік секілді жаһандық қатерлерден қоғам мен мемлекетті барынша қорғау болып табылады. Осы тұрғыда қазіргі қолданыстағы заң нормалары замануи қатерлерге тоқтау бола алмай отыр», - дейді ҚР әділет министрі Берік Имашев.

Конференцияға қатысушылар конституциялық құқық, қылмыстық құқық, сот төрелігі саласындағы, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен дамуы, сот төрелігіне қол жеткізу бойынша өзекті мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ,  Орталық Азияға ЕО-ның Құқық үстемдігі Бастамасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттері қабылдап жатқан шараларды талқылап, келесі кезеңде Бастаманы одан әрі іске асыру басымдықтары мен іс жүргізудегі шараларды анықтайды.

Айта кетерлігі, Конференцияға Орталық Азия және Еуропалық Одақ елдерінің Әділет министрліктердің өкілдері, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми орталар, үкіметтік емес бірлестіктер және халықаралық сарапшылар қатысуда.

Шараны Италия Республикасы мен ҚР Әділет министрлігі төрағалығымен Франция мен Германия Еуропалық Одағы  ұйымдастырып отыр.

Индира Қауметова


Back to the list