• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Тоголез Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды 14.10.2014

Сыртқы істер министрі хабарлағандай, қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты, сондай-ақ, БҰҰ күн тәртібіндегі Қазақстан мен Того үшін маңызды мәселелер талқыланды. Солардың ішінде теңізге шығуға жол жоқ елдердің проблемларын шешу мәселесі. Тараптар экономикалық даму, мемлекеттер арасында өзара тиімді байланыстарды, әсіресе сауда, қазба өндірісі, энергетика, өңірлік нарықтарға жол ашу, білім беру салалары төңірегінде дамыту маңыздығын мойындады.

«Қазақстан Республикасы атынан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақыру Того Үкіметіне тапсырылды. Того Елшісі келе жатқан көрменің энергетика, энерго көздердің тапшылығы проблемасын, әсіресе дамушы елдер үшін шешу мәселелері аясындағы маңыздығын атап өтті», - делінген хабарлады.    

Ол сонымен қатар, африкалық елді басқа Орта Азия мемлекеттерімен таныстырып, ынтымақтастықты дамыту бойынша Қазақстан жағынан колғабыс алуға мүдделі екендігін танытты.

Того – Батыс Африкадағы мемлекет, халқы 6 млн. адамнан астам, президенттік республика болып табылады. Ең жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы Ұлттық кеңес. Экономиканың басты секторлары болып Еуропа мен Азиядан көршілес Африка мемлекеттеріне тауарлардың реэкспорты, соның ішінде фосфат, мақта, какао, кофе, алюминий, графит, темір, алтын, мәрмәр, уран мен хром. Бұған қоса, Того фосфаттың әлемдегі ең ірі экспорттаушысы болып табылады. Мемлекет Германиямен, Нидерландымен, Франциямен, Үндістанмен, Қытаймен және ОАР өндіріс саласында тығыз ынтымақтасып келеді.


Back to the list