13.10.2014
Конференция Қазақстан Республикасы мен Италияның ортақ төрағалығымен Еуропалық одақтың «Құқықтың үстемдігі платформасы – Орталық Азия» жобасының шеңберінде өткізіледі.
Конференцияда Орталық Азия және Еуропалық Одақ елдерінің Әділет министрліктердің өкілдері, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми орталар, үкіметтік емес бірлестіктер және халықаралық сарапшылар қатысады.
Әділет министрлігі хабарлағандай, конференцияға қатысушылар конституциялық құқық, қылмыстық құқық, сот төрелігі саласындағы, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен дамуы, сот төрелігіне қол жеткізу бойынша өзекті мәселелерді талқылайды және Орталық Азияға ЕО-ның Құқық үстемдігі Бастамасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттері қабылдап жатқан шараларды талқылап, келесі кезеңде Бастаманы одан әрі іске асыру басымдықтары мен іс жүргізудегі шараларды анықтайды.